«Халық алғысы» медалі: Елімізде коронавируспен күресте белсенділік танытқан 343 маман марапатталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Халық алғысы» медалі: Елімізде коронавируспен күресте белсенділік танытқан 343 маман марапатталды
ашық дереккөз

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің (ОКҚ) алаңында Мемлекет басшысының қатысуымен «Біз біргеміз» онлайн форумы өтіп, коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Денсаулық сақтауда, білім беруде, әлеуметтік қорғауда, сондай-ақ пандемиямен күресте елеулі еңбек етіп, жемісті жұмыс көрсеткені үшін республика бойынша түрлі қоғамдық саланың 343 маманы марапатталды. Еліміз бойынша 60 дәрігер, 39 полицей, 41 волонтер, 34 меценат, 38 мәдениет және білім өкілі, 25 БАҚ қызметкері марапатталды. ОКҚ онлайн көрсетілім барысында мына мамандар марапатталды: Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бөлімшесінің басшысы – Леспеков Тимур Достайұлы; «Номад» республикалық ММА федерациясының президенті – Гаджиев Гаджи Шапиұлы; Ұлттық волонтерлік желінің басқарма төрағасы – Индира Александровна; «Мейірімділер клубының» жетекшісі – Әбдірашева Гүлмира Тілеуленқызы; Меценат, қоғам қайраткері – Ботпай Оралбек Қожамжарұлы; «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері» ғылыми зерттеу институтының бас директоры – Күнсұлу Зәкария; «Бас әскери клиникалық» госпиталінің нейрохирург дәрігері – Рысқалиев Ержан Жұмажанұлы; Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметінің инспекторы – Ботабеков Артур Құрманғазыұлы; Волонтер – Сұлтанбек Абзалбек Зейнәбілұлы; Биотехнолог, кәсіпкер – Қуат Әмір; «Жас Отан» жастар қанатының сарапшысы – Хафиз Аян Бауыржанұлы.