Инфекционист коронавирустан емдеуде спирт буының пайдасы туралы ақпаратты жоққа шығарды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Инфекционист коронавирустан емдеуде спирт буының пайдасы туралы ақпаратты жоққа шығарды
ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде науқастарды коронавирустан емдеуде спирт немесе арақ буымен дем алуға кеңес беретін ақпарат таратылды. ҚР инфекционисті, профессор Динагүл Баешева бұл ақпаратты жоққа шығарды,деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мүмкін, олар спирттік антисептиктерді ұсынатынымызды назарға алған шығар. Шын мәнінде, бұл дұрыс емес. Әрине, бұл фейк. Біз мұндай ұсыныстарды бермейміз, себебі бұл вирустың өлуі үшін спирттің концентрациясы 60% болуы қажет. Ал мұны адам ағзасында жасау мүмкін емес. Бұл жалған ақпарат», - деді Баешева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.