Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы полиция  қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!», делінген Президенттің twitter-дегі парақшасында.