Масканы иегіне ғана тағып алу дұрыс емес – Есмағамбетова
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жұртшылықтың масканы иегіне тағып алатынына ескерту жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз жұртшылықтың масканы дұрыс тақпай жүргенін жиі байқап жүрміз. Көбіне иегіне тағып алып жүргені байқалады. Құрметті, қазақстандықтар масканы иекке ғана тағу сізді вирустан құтқара алмайды. Маска адамның беті мен мұрнын жауып тұруы тиіс. Ары қарай бетін қолымен ұстамауы керек. Біздің қалыпты өміріміздегі қарапайым ережелердің бірі – қол гигиенасы, яғни жиі жуып жүру, антисептиктерді қолдану. Жұртпен байланысудан сақ болған жөн. Бұл қоғамда инфекцияның таралуына тоқтау болып, қалыпты өмірімізге оралуымызға әсер етеді», - деді бас дәрігер.
Ұқсас жаңалықтар
11 ақпан, 2025
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды
11 ақпан, 2025
Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды
11 ақпан, 2025
Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады
10 ақпан, 2025
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді