ИИДМ: Денсаулық сақтау министрлігіне өкпені жасанды желдету аппаратының 64 данасы тапсырылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ИИДМ: Денсаулық сақтау министрлігіне өкпені жасанды желдету аппаратының 64 данасы тапсырылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211580711916490.webp)
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне өкпені жасанды желдету аппаратының 64 данасын тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ҚР Денсаулық сақтау минисирлігіне қарасты “Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы” РМК үшін өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратының 64 данасын жеткізді. Оған дейін Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына 17 данасы тапсырған болатын.
Коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған шаралар аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 180 ӨЖЖ аппаратын тегін беру жоспарланып отыр. Биыл “Тыныс” зауытында (“Қазақстан инжиниринг” ҰК-ның еншілес кәсіпорны) барлығы осындай 680 аппарат шығару жоспарланған.
“Тыныс” зауыты - өкпені жасанды желдету құрылғыларын шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. “Көкшетау-4П” аппараты өзінің сан қырлы қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)