Өткен тәулікте елордалық жедел жәрдемнің call-орталығына 3 800 қоңырау түсті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Өткен тәулікте елордалық жедел жәрдемнің call-орталығына 3 800 қоңырау түсті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115810421099855.webp)
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова тұрғындарға кеңес беру үшін астананың жедел жәрдем базасында call-орталық ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «COVID-19 бойынша халыққа ақпарат жеткізу жұмысын жақсарту үшін, сондай-ақ аумақтық емханалардың провизорлық бөлімшелерімен жұмысты оңтайлау үшін жедел жәрдем станциясы базасында call-орталық ашылды. Күніне 400-500 өтініш түседі – бұл тек қана кеңестік қызметтер», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова. Басқарма басшысы call-орталықтың ашылу кезеңінде 3 мыңға жуық өтініш келіп түскенін атап өтті. «Қаладағы барлық өтініштер саны 3 есе, кейде 4 есе өсті. Өткен тәулікте 3 800 өтініш түсті. 2 728 шақырымға қызмет көрсетілді, қызмет 2,5 есеге артты», - деді Қисықова.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)