Елімізде 1 млн-нан астам тест жүргізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 1 млн-нан астам тест жүргізілді
ашық дереккөз

Елімізде кеше ақхалатты мамандар 27 825 тест жасады, оның 80%-ы тегін орындалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің зертханалық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияға зертханалық тестілеудің мынадай тәсілдері бар: экспресс әдіс, ПТР әдісі және антиденелерге иммуноферменттік талдау әдісі. Аталған тәсілде бас санитарлық дәрігердің қаулысына енгізілген және емдеу диагностикасының клиникалық хаттамаларында көрсетілген. ПТР-тестіне зертханалық диагностика бүгінгі күні пациенттің инфекция жұқтыру жағдайын анықтайтын жалғыз әдіс болып саналады. Осы тест негізінде РНҚ, яғни коронавирустың өзінің генетикалық материалын анықтау жүргізіледі, ол қазір SarsCov2 ретінде жіктеледі. Зерттеу жүргізудің негізгі материалы – мұрын-жұтқыншақ пен ауыз-жұтқыншақ маскалары», - деп атап өтті министрдің кеңесшісі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ПЦР-анализ Қазақстан бойынша 56 зертханада жүргізіледі. «Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекцияның диагностикасына 56 зертхана енгізілді, 1 миллионнан астам тест орындалды. Өткен тәулікте елімізде 27 825 тест орындалды және осы зерттеулердің 80%-ы мемлекеттік бюджеттік бағдарламаларға енгізілген азаматтар үшін тегін негізде жасалды. Ақылы зерттеулердің бір бөлігі тек 20% құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тестілеу саны бойынша Кореямен қатар бір позицияға ие және Австрия мен Жапониядан айтарлықтай асып түсті», - деп түсіндірді спикер.