Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар өз бетімен емделгені дұрыс па

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар өз бетімен емделгені дұрыс па
ашық дереккөз

Жұрт жаппай ауырып жатыр, ем түрлері де көбейіп кетті. Мысалы сода, спиртті иіскеу секілді емдеу тәсілдері халық арасында таралып жатыр. Бұл қаншалықты дұрыс? Керісінше зиянын тигізбей ме? Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова осы мәселені түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда науқастар екі санатқа бөлінеді. Оның бірі – белгісі жоқ. Олар ешқандай ем алмай үйде өзін өзі оқшаулап, нақты витаминдерді қабылдап, өзіндік жолмен емделіп жатыр. Екіншісі – белгісі бар. Оларға арналған Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы хаттамасы бар. Соған сәйкес дәрігерлер ем қолданады. Өздері ыстығы көтеріліп кетсе біз берген ұсынысқа сәйкес парацетамол, аспирин 150 мг дәрілерін ғана қабылдауға болады», - деді басқарма басшысы. Сәуле Қисықова өз сөзінде көбірек сусынды көбірек ішіп, үйден шықпау керектігін әрі туған-туыстарымен қарым-қатынасты тоқтата тұру керектігін баса атап өтті.