Елімізде COVID-19 инфекциясын 27 541 адам жұқтырды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде COVID-19 инфекциясын 27 541 адам жұқтырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115820811945289.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазіргі уақытта елімізде 27 541 COVID-19 жағдайы тіркеліп отыр. Оның симптомсыз түрі – 9 809, симптомды түрі – 17 732. Соңғы тәулікте 1 470 ауру тіркелді. Оның 507-сі – симптомды, қалған 964-і – симптомсыз. Бүгінге дейін 126 науқас қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны – 10 962, яғни ауырғандардың 62 пайызы. Еліміздің барлық стационарлық карантинінде 168 адам, үй карантинінде 11 563 адам жатыр», - дейді Жұмабек Бекенов. Бұған қоса ол өз сөзінде инфекцияны жұқтырып ауруханада жатқан науқастар санын мәлім етті. «Қазір COVID-19 инфекциясымен ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны - 8 052. Ал аталмыш инфекцияны жұқтырып, амбулториялық бақылауда тұрғандар 8 472-ні құрайды», - дейді орталық директоры.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)