«Astana Finance Days» конференциясы биыл онлайн форматта өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Astana Finance Days» конференциясы биыл онлайн форматта өтеді
ашық дереккөз

«Astana Finance Days» конференциясы биыл онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қаржы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «29 маусым мен 3 шілде аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығы үшінші рет жыл сайынғы «Astana Finance Days» қаржы конференциясын өткізеді», делінген хабарламада. Конференция биыл онлайн форматта өтеді. Негізгі тақырыбы – «Құбылмалы әлемдегі нарықтар». Конференция барысында жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, исламдық қаржы және адам капиталын дамыту секілді тақырыптар көтеріледі.