ҰБТ-2020 алғашқы күн межесі: 138 балл
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҰБТ-2020 алғашқы күн межесі: 138 балл](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211581191664911.webp)
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова онлайн брифингте ҰБТ-ның алғашқы күнінің қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Тәртіп бұзғандардан бөлек, 2 талапкердің қызуы көтерілгендіктен, тест тапсыруға кіргізілмеді. Оларды медицина мамандары тексереді. Ал тест тапсырудан бір жылға шеттетілгендермен және аз балл жинаған талапкерлермен психологтар жұмыс жүргізетін болады. Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан да психологиялық қолдау көрсетіледі. Олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізіледі», – деді ол. Оның айтуынша, Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Әбманап Абзал есімді талапкер кешегі ҰБТ-да ең жоғары балл, яғни 138 балл жинаған. Сонымен қатар Наужан Дидарбекова 2019 жылы ҰБТ-ға 543 млн теңге жұмсалғанын атап өтті. Ал биылғы қаржы мөлшері туралы тест кезеңі қорытындыланғаннан кейін жария етілетінін жеткізді. Сондай-ақ ҰБТ тапсыру тәртібіне биылғы енгізілген өзгерістің алдағы жылдары да дәстүрлі түрде жалғасатынын тілге тиек етті.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)