Нұр-Сұлтанда әскери қызметшілер адам көп жиналатын орындарда өңдеу жұмыстарын жүргізді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда әскери қызметшілер адам көп жиналатын орындарда өңдеу жұмыстарын жүргізді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115822615048014.webp)
Демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласында ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Өңдеу жұмыстары адамдар көп шоғырланған аумақтарды қамтыды. Атап айтқанда, саябақтар, базар мен сауда үйі маңдары. Биологиялық қорғау бөлімшесінің әскери қызметшілері «Жерұйық», Бауыржан Момышұлы атындағы және Тұңғыш Президент саябақтары мен елордалық Арбатта өңдеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Қалалық әкімдіктің өтініші бойынша Қарулы Күштер жеке құрам мен арнайы техниканың қажетті санын бөлді. Өңдеу әрбір объектіде кезекпен, жеке газсыздандыру жиынтықтарын қолданумен, сондай-ақ авто құю станциясының көмегімен жүргізіледі. «Коронавируспен күрестің алғашқы күнінен бастап біздің әскери қызметшілер елордада дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Жеке құрам осы міндетті орындау кезінде қандай жауапкершілік жүктелгенін түсінеді. Халықтың денсаулығына еш қауіп төндірмеу үшін, сапалы дезинфекция жұымстарын жүргізу біз үшін маңызды болып саналады», - деді ҚР ҚК радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментінің аға офицері подполковник Бағлан Андасов. Осы демалыс күндері Нұр-Сұлтанда шектеу шаралары қолға алынды. Атап айтқанда, бірқатар нысандардың қызметі мен қала бойынша қозғалыс тоқтатылды. Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету үшін шұғыл түрде санитарлық өңдеудің жиынтық отрядтары құрылған болатын. Олар жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша еліміздің 19 қаласындағы қоғамдық орындар мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді дезинфекциялауды жүзеге асырады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)