Тестілеу бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 34-орында – Ләззат Ақтаева
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Тестілеу бойынша Қазақстан әлем елдері арасында 34-орында – Ләззат Ақтаева](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115810346766880.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева онлайн брифингте тестілеу туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазақстан тәулігіне 100 мың тұрғынның 7 мыңына тестілеу жүргізеді. Ал Аустрия мен Канадада 100 мың тұрғынға тәулігіне 6 мың тест, АҚШ-та 8 мың тест жүргізеді. Бұл жөнінде Қазақстан әлем елдері бойынша 34-орында. Осы ретте тестілеу тек клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіш болғанда жүргізілуі керек. Клиникалық көрсеткіш – науқастың ауруханаға, яғни инфекциялық немесе провизорлық стационарға жатқызылып, ЖРВИ немесе пневмония диагнозы қойылуы. Сол сияқты коронавирустық инфекция жұқтырып, медициналық бақылауға алынған жағдай. Ал эпидемиологиялық көрсеткіш – науқастың жоспарлы немесе шұғыл ауруханаға түскен яки инфекция жұқтырғандармен байланыста болған тұлғалар. Сонымен қатар тестілеу шетелден елге оралған азаматтарға профилактикалық мақсатта да жүргізіледі», – деді ол.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)