Мәслихат депутаты Елбасының тезірек сауығуын тілейді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мәслихат депутаты Елбасының тезірек сауығуын тілейді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115823032461179.webp)
Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Зулфухар Ғайыпов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тезірек сауығып кетуін тілейді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Атам қазақта «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Сол айтқандай, ешкім де ойлаған жоқ, осы кесел жер жаһанды жайлап, Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан елімізде пандемияға ұласады деп. Бұл індет еліміздің бірлігі мен тірлігі үшін үлкен сын болып тұр. Қашанда сын сағатта ел қамын ойлаған, ел үмітін ақтаған Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев COVID-19 жағдайына қарамастан елдегі барлық жағдайды жіті бақылап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге ел үшін игілігі мол бірнеше маңызды жиындар өткізді, шешімдер қабылдады. Оған баршамыз куәміз. Қарапайым қазақ елінің азаматы ретінде айтар болсақ, Елбасының еңбегі тәуелсіз еліміздің алдында өлшеусіз десем қателеспейміз. Отыз жылдың ішінде елімізді әлемдік қауымдастықтың толық мүшесі ретінде әлемге танытты. Шекарамызды шегелеп, тәуелсіздігімізді тұғырлы етті. Арқаның төсінде әсем астана тұрғызды. Баршамыз білеміз, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның саммитін астанада өткізіп, өзі басқарды. Сол кезде барша қазақ елі Елбасы үшін көкірегін керіп мақтанды. Қай заманда қазақтың баласы алпауыт құрылықтағы Еуропаның басшыларын ұршықтай иіріп, өз аузына қаратып еді. Білген, түсінген жанға бұл үлкен мақтаныш! Одан қалды бірнеше ұлт пен ұлыстың басын қосып, бірлігіне тірлігі сай, айрандай ұйыған мемлекет құрды. Посткеңестік елдерде бірінен соң бірі ұлтараздық туындаған шақта, еліміз Ұлт көшбасшысының салиқалы саясатының арқасында ың-шыңсыз Елбасының айналасына топтасып, әлемге жасампаз бейбіт ел екендігін тағы да бір мойындатты. Әлемдегі барлық діни конфессиялардың басын қосып, елімізде бірнеше рет басқосулар өткізді. Сирия мәселесінде алпауыт елдер шеше алмаған оппозициялық топтың басын қосып, Астана декларациясын қабылдады. Ішкі сасяатта «Әуелі эконмика, сосын саясат» деген қағиданы берік ұстанды. Елдің еңсесін, әл-ауқатын түзеп барып, саяси өзгерістерге өзі бастап әкелді. Қазақ тарихында биліктен де өз еркімен бейбіт жолман бас тартқан тұңғыш Тұлға. Осы айтылған жайттардың барлығы да Ел басымыз, Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты елін сүйген, елі сүйген ер екенін, елінің Елтұтқасы екендігін тағы да дәлелдейді. Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық тілей отырып, қалың елі қазағымның атынан Алладан тезірек сауығып кетуін тілейміз.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)