Каноэ есуден Қазақстан командасы жаттығу жиындарын бастады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Каноэ есуден Қазақстан командасы жаттығу жиындарын бастады
ашық дереккөз

Каноэ есуден Қазақстан командасы жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz-ке сілтеме жасап. «Жаттығу жиыны жоспар бойынша өтіп жатыр. Шымкенттегі базада барлық санитарлық және эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаудамыз. Жазғы жаттығу кезеңін соңына жеткізуді көздеп отырмыз. Аздап үзіліс алған соң, күз айларында базалық жаттығу жиынына көшеміз», - дейді команда бапкері М.Емельянов. Айта кетелік, бүгінге дейін бокс және күрес түрлерінен, сондай-ақ, фристайл-могул, дзюдо мен гандболдан жаттығу жиындары басталды.