Бухарестте «Нұр-Сұлтан» гүлбағы ашылып, онда Абай ескерткіші орнатылады – Берік Жәкенов
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бухарестте «Нұр-Сұлтан» гүлбағы ашылып, онда Абай ескерткіші орнатылады – Берік Жәкенов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115829045135509.webp)
[caption id="attachment_20732" align="alignnone" width="940"] Фото: Берік Жәкенов/Facebook[/caption]
30 маусым күні Бухарестте «Нұр-Сұлтан» гүлбағы ашылады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов Facebook парақшасында жариялады.
«Көкжиегімізді кеңейтудеміз. Біздің ауданымыздың тәжірибесіне шетелдік әріптесеріміз қызығушылық танытуда. Қазіргі уақытта Мәскеу, Қазан, Будапешт қалаларының аудандарымен және Ресей Федерациясының Орловск облысының әкімшілігімен тығыз байланыстамыз. Енді Бухарест қаласының бірінші секторымен тәжірибе алмасатын боламыз. Қазақстанның Румыниядағы елшісі Нұрбах Рүстемовтің нәтижелі жұмысының арқасында 30 маусым күні Бухарестің басты секторында «Нұр-Сұлтан» гүлбағы ашылады. Онда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткіші қойылады», – деп жазды Берік Жәкенов.
Сонымен қатар ол ZOOM арқылы Нұрбах Рүстемовпен және Бухаресттің бірінші секторының мэрі Даниэль Тудорачпен сөйлескенін атап өтті.
[caption id="attachment_20733" align="alignnone" width="960"]
Фото: Берік Жәкенов/Facebook[/caption]
[caption id="attachment_20734" align="alignnone" width="960"]
Фото: Берік Жәкенов/Facebook[/caption]
«Олармен қала тіршілігіне қатысты пікір алмастық. Мысалы, шетелдік әріптестерімізді біздің санитарлық тазалық, абаттандыру сияқты басқа да жұмыстарға шаруашылық қатысты тәжірибеміз қызықтырады. Бізге де олардың көгалдандыру, қала құрылысы сияқты жұмыстары қызық. Қалай қарай бет алуымыз керек екенін, өз бағытымызды талқыладық. Енді тығыз байланыста боламыз», – деді аудан әкімі.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)