Бек Эйр рейстерінің билеттерін қайтару бойынша сот шешімі шықты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бек Эйр рейстерінің билеттерін қайтару бойынша сот шешімі шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115838133027174.webp)
Алматы қаласының Түрксіб соты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің (бұдан әрі - ТҚҚК) «Бек Эйр» АҚ әуекомпаниясына жойылған рейстерге билеттердің құнын толық көлемде қайтару жөніндегі талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТҚҚК 900-ден астам адамның мүддесін қорғап, талап арыз сомасы 54 210 519 теңгені құрады.
Бір күн бұрын жарыссөз кезінде прокурор, қатысушы үшінші тұлғалар, сондай-ақ ТҚҚК мүддесін білдіретін өтініш берушілердің өздері талап-арыз талаптарын қолдады.
ТҚҚК-ң талап-арыздары:
«Бек Эйр» АҚ қызметін тұтынушылардың кінәсінсіз жойылған авиарейстерге бұрын сатып алынған билеттердің толық құнын өтеу құқығын тану
Жауапкерге тұтынушының кінәсінсіз жойылған авиарейстерге бұрын сатып алынған билеттердің толық құнын өтеуге мәжбүрлеу.
«Бек Эйр» АҚ-нан тұтынушылар пайдасына авиабилеттер үшін төленген соманы өндіріп алу.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)