«Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларға қандай талап қойылады – аймақтық үйлестіруші жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларға қандай талап қойылады – аймақтық үйлестіруші жауабы
ашық дереккөз

«Елбасы медалі» бағдарламасының аймақтық үйлестірушісі Дәрмен Қапыс онлайн брифингте бағдарламаға қатысушыларға қандай талап қойылатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын бірден-бір талап – олардың жастарының 14 пен 29 жас аралығында болуы. Үміткерлер осы талап бойынша іріктелетін болады», – деді ол. Сонымен қатар аймақтық үйлестіруші «Елбасы медалі» иегерлеріне шетелде білім алу мүмкіндігі бар ма?» деген сауалға былай деп жауап берді: «Бағдарлама жеңімпаздары үшін шетелде білім алу немесе тәжірибеден өту қарастырылмаған».