Елордалық еріктілер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық еріктілер Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
ашық дереккөз

"Nur Otan" партиясы елордалық филиалының қызметкерлері мен партияның "Jas Otan" Жастар қанатының мүшелері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы қойылған Алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Nur Otan" партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимовтың айтуынша, марапатталған жастар ТЖ кезінде "Біз біргеміз!" республикалық акциясына белсене қатысқан. Филиал қызметкерлерімен бірге көмекке мұқтаж отбасылардың үйлеріне азық-түлік жиынтығын жеткізумен айналысып, қаланың медициналық мекемелеріне қорғаныс құралдарын жеткізген.  "Сонымен қатар Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ұйымдастырумен және жөнелтумен айналысты. Расында, олардың еңбегі өте зор, әрқайсысы демалыс және мереке күндерінсіз жұмыс істеді. Төтенше жағдай кезінде елордада 18 мыңға жуық қала тұрғыны азық-түлік жиынтығын алды, барлық медициналық мекемелер, блокпостар, көмекке мұқтаж қала тұрғындары, әлеуметтік қорғау басқармасының бөлімшелері және т.б. қорғаныс құралдарымен және антисептиктермен қамтамасыз етілді", – деп жазды Ерлан Қаналимов Facebook парақшасында.