Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы сауда саласының соңғы жаңалықтарымен бөлісті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы сауда саласының соңғы жаңалықтарымен бөлісті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115831525238713.webp)
ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы сауда саласының соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Сауда және интеграция министрлігінің құрылғанына бір жыл толуына орай біз сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасадық. Жуырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында отандық бизнеспен алғашқы ашық талқылау өтті. Үлкен жұмыс атқарылды. Таяудағы бесжылдыққа арналған сауданы дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мақсатында жарты жылдан астам уақыт жұмыс жасадық. Бірнеше ай бизнес өкілдерімен пікірталас жүргізіп, қауымдастықтармен кездесіп, ұзақ мерзімді сауданың даму жолдары талқыланды. Біз жаһандық дағдарыстардың мүмкіншілігін ескердік (коронавирус жұмысымыздың соңында пайда болды, бірақ біз экономикалық апаттарды да есепке алдық). Нәтижесінде құжатқа бизнес бойынша қауымдастық өкілдерінен 30 шақты ұсыныс пен ескерту енгізілді. 3 наурызда Үкімет отырысында ҚР сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлданды", – деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында. Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов аталған Мемлекеттік бағдарлама саланы түбегейлі өзрегіске бастайтынына сенімді екенін атап өтті. Министрдің мәліметінше, бағдарлама 5 бағытты қамтиды. Олар: - техникалық реттеуді жақсарту; - ішкі сауданы дамыту; - экономикалық интеграция шеңберіндегі сыртқы сауда; - тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортын дамыту және ілгерілету; - тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру. "Ұлттық кәсіпкерлер палатасыда талқылау барысында бизнес-қауымдастық сала үшін маңызды мәселелерді айқындалды. Тауар биржалары тақырыбы да көтерілді (ұсыныстар мен ескертулер жіберілді, олар қазір Сауда және интеграция министірлігінде пысықталуда). Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да талқыланды, дәлірек айтқанда сөрелік кеңістікке кіру шаралары. Әрине, ұлттық тауарөткізгіш жүйесі де қызу талқыға салынды. Біз бизнес өкілдерінің аузынан көптеген идеялар, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы біз ұсынған көтерме-тарату орталықтарын салу форматының қолдауын тағы да естідік. Тағы бір маңызды күн тақырыбы – тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Бизнес-қауымдастық сауда компанияларының құқықтары қорғалмайтыны туралы қызықты аспектіні көтерді. Біз бұл мәселенің шешу жоларын табуға тырысамыз", – деді ол. Оның сөзінше, маңызды мәселелердің бірі – экспорт, ол біздің экспорттаушыларды қолдаумен бірге сауда жасай үшін елдер географиясын кеңейтудегі жұмыс. "Бизнес өкілдері шетелдік сауда желілеріне шығуға мүдделі. Тек Ресей ғана емес, Орталық Азияны да көздеп отыр ("Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын жеделдету мәселесі талқыланды). Кәсіпкерлер «Сауда қызметі туралы» заңдағы бонустарды, кэш-бектердің пайдалануды қамтамасыз ету және «күрделі тауарлар» түсінігін бекіту қажеттілігі туралы айтып, Ресей Федерациясына экспорттаудың кедендік рәсімдерін жеңілдету мәселелерін қарастыруды ұсынды. Жалпы, пікірталас өте қызықты және конструктивті өтті. Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан Бағдарлама жобасында еркерілетін жинақталған пікірлер мен ұсыныстар күтеміз. Ниет білдіргендерді талқылауға қосылуға шақырамын", – деді Б.Сұлтанов.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)