Жұмыс берушілер қызметкерлерді қысқартатыны туралы онлайн ескертетін болады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жұмыс берушілер қызметкерлерді қысқартатыны туралы онлайн ескертетін болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211584582628431.webp)
Жұмыс берушілердің ыңғайлылығы үшін enbek.kz Электрондық еңбек биржасында мемлекетттік органдарды «қызметкерлердің қысқартылатыны жайлы» хабардар ететін функционал іске қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 28-бабына сәйкес барлық ұйымдардың кадрлық бөлімдері «қызметкерлерді жұмыстан босататыны» туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарына алдын-ала беруге міндетті. Осы уақытқа дейін кадр бөлімінің қызметкерлері арнайы қағаз құжаттарды толтырып, оны өздері барып тапсыруға беруге мәжбүр болатын. Енді бұл рәсім барынша жеңілдетіліп, жеделдетілді. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасы порталындағы жеке кабинетінде қызметкерлердің санын, олардың жалақы мөлшерін, лауазымын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыстан шығу себептерін (қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруы, жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуы, Кәсіпорынды тарату, өндіріс пен орындалатын жұмыстар мен қызметтер көлемінің төмендеуі), сондай-ақ босатылатын мерзімді көрсете отырып «алдағы уақытта қызметкерлерді қысқартатыны» туралы мәліметтерді толтыра алады. Қызметкерлерді қысқарту туралы деректерді беруді автоматтандыру – жұмыссыз қалған азаматтарға уақтылы жаңа жұмыс орындарын табуға септігін тигізеді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)