Астананың 100 кәсіпорнында санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астананың 100 кәсіпорнында санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды
ашық дереккөз

Бүгін қалалық әкімдіктің мобильдік тобы санитарлық қызмет мамандарымен және полицейлермен бірге 10 қоғамдық тамақтану нысанында рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

"Біз қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтау бойынша мониторинг жүргізудеміз. Шамамен 300 нысанды араладық. Оның ішінде 100 нысанда тиісті талаптар сақталмағаны анықталды. Нысандар санитарлық нормалар бұзылуы анықталғанға дейін жабылды. Мониторинг жүргізу барысында біз ешқандай әкімшілік шаралар қабылдамаймыз, тек түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Егер біз тексеру жүргізсек, микробизнес үшін айыппұл мөлшері 100 АЕК көлемінде болады", - деп атап өтті Сарыарқа ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамира Нұран.

[caption id="attachment_19472" align="aligncenter" width="696"] Фото: Сұлтан Сеитов/ Elorda Aqparat[/caption]

Маманның айтуынша, қоғамдық тамақтану орындарында ең көп дегенде отыратын 50 орын ғана болуы тиіс.

[caption id="attachment_19475" align="aligncenter" width="696"] Фото: Сұлтан Сеитов/ Elorda Aqparat[/caption]

"Қоғамдық тамақтану нысандары үшін эпидемияға қарсы шараларды сақтау алгоритмі: үстелдер арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау, маскалардың, қолғаптардың болуы, маскалық режимді сақтау және қолды дезинфекциялық өңдеу. Кез келген қоғамдық тамақтану нысанында отыратын 50 орыннан аспауы керек", - деп түсіндірді Дамира Нұран.

[caption id="attachment_19473" align="aligncenter" width="696"] Фото: Сұлтан Сеитов/ Elorda Aqparat[/caption]

Айта кету керек, қала тұрғындары санитарлық нормалардың бұзылуы анықталған жағдайда тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына немесе 109 нөміріне қоңырау шала алады.

[caption id="attachment_19474" align="aligncenter" width="696"] Фото: Сұлтан Сеитов/ Elorda Aqparat[/caption]

"Өздеріңіз білетіндей, елдегі коронавирус жағдайы өте қауіпті. Сондықтан мұндай рейдтер үнемі өткізіліп тұрады. Бүгін біз қаланың тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасымен бірлесіп рейдтер жүргіздік. Біз жеке қорғаныс құралдарының бар-жоғын және адам санын тексердік. Қазіргі уақытта біз шағын тәртіп бұзушылықтарды байқап отырмыз. Қаланың барлық кәсіпкерлеріне тиісті санитарлық шараларды қатаң сақтауы тиіс екенін жеткізгім келеді", - деп түйіндеді Нұр-Сұлтан қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Жүзенов.