00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағалары сайланды

Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағалары сайланды
ашық дереккөз

Бүгін Астана қаласының жаңадан сайланған VIII шақырылымдағы мәслихат депутаттарының алғашқы сессиясының отырысында төрт тұрақты комиссияның төрағалары сайланды, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңадан сайланған депутаттарды Астананың әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтады.

Елорда мәслихаты депутаттарының алдында үлкен жауапкершілік пен міндеттер тұр. Астанада 1 миллион 300 мыңнан астам адам тұрады. Қалада су тапшылығы байқалады, тағы да басқа қордаланған мәселелер бар. Алдағы уақытта соларды бірлесіп шешеміз деген ниеттемін. Елордада халық саны өскен сайын балабақша мен мектеп қажеттілігі байқалады. Қала тұрғындарының сенімін ақтау керек. Мемлекет басшысы бірқатар міндеттер жүктеді, осы тапсырмаларды ортақ орындауда біздің де қосатын үлесіміз зор, - деді әкім.

Әрі қарай депутаттар сессияның күн тәртібін қарастыруға кірісті. Мәслихатшылар тұрақты комиссиялардың құрамы мен олардың төрағаларын тағайындады.

Азамат Айтқожин Заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып, Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Кендебай Адамбеков сайланды. Құрылыс, экология, көлік, сауда және ТКШ мәселелері жөніндегі комиссияны – Владислав Сергеев, ал Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Асқар Смағұлов сайланды. Amanat партиясы фракциясының жетекшісі болып Берік Жәкенов сайланды.

Жалпы отырыста дауыс беру барысында мәслихат депуттары бұл кандидатураларды қолдады.

Елорда мәслихатының құрамында 34 депутат, Amanat партиясында 12 мандат, ҚХП партиясында және Baytaq қазақстандық жасылдар партиясында бір мандат және «Ақ жол» партиясында үш мандат бар. Тағы 17 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланды. Жаңа мәслихат құрамында 25 ер адам және 9 әйел бар. Ең жас депутат – 22 жаста, ең үлкені – 63 жаста. Депутаттардың орташа жасы – 46 жас.