Елордада бірқатар тұрғын үйлер жарықсыз қалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бірқатар тұрғын үйлер жарықсыз қалды
ашық дереккөз

Астанада сағат 8:20 шамасында бірқатар тұрғын үйлер жарықсыз қалды. «Астана-РЭК» АҚ ақпаратына сәйкес, «Заречная» қосалқы стансасында апатты өшіру орын алды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

Жарық қашан қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз.