Елордада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» атты кітапша жарық көрді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» атты кітапша жарық көрді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172105109412221195.webp)
Астанада «Екінші Республика құрылысшысының күнделігі» атты кітапша жарық көрді, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, ол жұмыс аптасын тиянақты жоспарлау мақсатында жас шенеуніктерге арнайы әзірленген. Оның авторы – «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшесі – Нарбек Қожахметов. Күнделіктің ерекшелігі сол, жазу жолағымен қатар, ондағы әр парақ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жолдауындағы дәйексөздерімен басталады. Қазіргі таңда кітапшаның 500-ге жуық данасы басып шығарылған. Оны аталмыш қозғалыс мүшелері жуырда тағайындалған жас министрлерге, сондай-ақ депутаттар мен судьяларға табыстайтын болады.
Айта кетерлігі, министрлердің жастылығы. Экология мен Спорт министрі 32 жаста небәрі. Сол үшін Президент сөзін арқау етіп кітапшаларды басып шығардық. «Екінші Республика құрылысшысы» деп біз Президентіміздің саясатын жақтайтын және Жаңа Қазақстан құру мақсатында жұмыс істейтін адамдарды атаймыз, - деді «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшесі Нарбек Қожахметов.
![Елордада S.O.S. әлеуметтік драмасының кезекті қойылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885461722854337.webp)
![Ваучерлік қаржыландыру: Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері тәжірибе алмасты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884402934720805.webp)
![Елордада 8-9 ақпанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173883679934610784.webp)
![Астанадан қыс басталғалы 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173882271438652075.webp)