00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгінгі сайлаудың Астана үшін ғана емес, ел үшін де маңызы зор – Ләззат Разбекова

31 наурыз, 2023
Аяулым Алтынбек Аяулым Алтынбек
Бүгінгі сайлаудың Астана үшін ғана емес, ел үшін де маңызы зор – Ләззат Разбекова
ашық дереккөз

Сенат депутаттығына қолынан іс келетін маман сайлануы тиіс. Мұндай пікірді Астана қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

20 жылдан астам мемлекеттік қызметте істедім. Кез-келген салада, сенаторлықта да жұмысты білетін кәсіби біліктілігі жоғары мамандар болу керек деп есептеймін. «Шымшық сойса, да қасапшы сойсын» деген сөз бар. Жұмысты, жүйені, мәселені анық білетін, қолынан іс келетін, тәжірибелі кандидатқа дауыс бердім. Өйткені ол біздің, қаламыздың болашағы үшін қыруар жұмыс атқаратын адам. Формальды түрде емес, ашықтық, демократиялық тұрғыда мәслихат депутаттарының да құзіреттіліктері кеңейтіліп жатыр. Бүгін бізге ашық, еркін түрде дауыс беруге мүмкіндік беріліп отыр. Мен өзімнің сол конституциялық құқығымды пайдаланып, дауыс бердім, - дейді мәслихат депутаты.

Ол сондай-ақ бүгінгі сайлаудың маңызына да тоқталып өтті.

Әділетті, жаңа Қазақстан бір күнде құрыла салмайды. Бүгінгі сайлау «Әділетті қазақстан» құрудың алғашқы бастамасының, алғышартының бірі деп ойлаймын. Осы айлаудың ел үшін маңызы зор. Сенаторлар халыққа қажетті заңдарды қабылдайды. Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен таныстық. Олар көңілімнен шықты деуге болады, - деді Ләззат Разбекова.

Аяулым Серікқызы