Қала тұрғындары мен қонақтары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен азық-түлік сатып ала алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қала тұрғындары мен қонақтары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен азық-түлік сатып ала алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172106269636510061.webp)
Елордада ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Ол Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күніне арналған, деп хабарлады Elorda.info.
Жәрмеңке Жүргенов, 29 және Сауран, 7 мекенжайы бойынша елорданың оң және сол жағалауында өтіп жатыр.
Мұнда келушілер ет және шұжық, ұн және макарон өнімдерін, сондай-ақ көкөністер, нан, жарма, жұмыртқа, күнбағыс және май, сүт өнімдері, қант және тағы басқа сынды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық түрн сатып алып жатыр.
Мұндай жәрмеңкелердің халыққа да, саудагерлерге де пайдасы мол. Бастысы бағалары қымбат емес. Осындай ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, - деді қала тұрғыны Миражан Талғатова.
Ал елордалық Күләш Қанатова қалада өткізілген өңірдік кәсіпкерлердің ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне барып тұрғанын айтты.
Мұндай жәрмеңкелерде тауарлардың бағасы төмен. Сондықтан қажетті өнімдерді жолдасым екеуіміз осы жерден сатып алып тұруға тырысамыз, - деді ол.
Айта кетейік, жәрмеңке сенбі және жексенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)