00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада үш күн демалыста көлік қоятын орындар тегін болады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада үш күн демалыста көлік қоятын орындар тегін болады
ашық дереккөз

Астанада үш күн бойы көлік қоятын автотұрақтарға ақы төлеудің қажеті жоқ, деп хабарлады Elorda.info «Астана тұрақ кеңестігінің» ресми сайтына сілтеме жасап.

Республика күнінің құрметіне 23-25 қазан аралығында, жексенбіден бастап сейсенбіні қоса алғанда қаладағы автотұрақтар тегін қызмет көрсетеді.

Ал осы сенбі, 22 қазанда ақылы автотұраққа көлік қоюшылардан әр сағатына 100 теңгеден алынады.

Жалпы, ақылы автотұрақтар дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 8.00-ден кешкі 20.00 дейін жұмыс істейді, ал сенбі-жексенбі күндері оларды тегін пайдалануға болады.