Елорда маңында министрлік қызметкерлері 300-ден аса ағаш отырғызды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері Астана қаласы маңында орналасқан «Ақ қайың» орман тұқымбағының аумағына ағаш отырғызды, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара Республика күніне орай, сондай-ақ жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Акцияға Экология министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, эковолонтерлер қатысты.
Барлығы 100 адам 300-ден аса қарағай ағашын отырғызды.
Ұқсас жаңалықтар