Елорда бюджетінен аула аумақтарын салуға және абаттандыруға қыруар қаржы бөлінеді
Жыл сайын қала бюджетінен аула аумақтарын салуға және абаттандыруға қыруар қаржы бөлінеді, бұл шамамен 250-300 аула, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов facebook-парақшасында жазды.
Ал бүгінде бұл жұмысты реттеу қажеттілігі туындап отыр. Яғни, абаттандыру жоспарларына өзгерістер енгізу – нысан төлқұжаттарын енгізу, жарамдылық мерзімін, техникалық қызмет көрсетуге жауаптыларды анықтау, оларды ұстауға қанша қаражат жұмсалатынын талдау қажет. Бұдан басқа, жақсартуды қажет ететін аулаларды таңдау критерийлерінің жүйесін әзірлеу және т.б, – деді ол.
Елорда мәслихатындағы Amanat партиясы фракциясының отырысында осы және өзге де мәселелер талқыланды. Күн тәртібіндегі басты мәселе – елордалық сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру барысы.