Елордада 20 мыңнан астам тонна көмір қоры бар
Нұр-Сұлтанда қазіргі кезде көмір сату бойынша 14 орын бар. Онда өз қызметін 8 компания жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін «Елордадағы жылыту маусымына дайындық» тақырыбында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Бағдат Байсадықов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі таңда халық үшін 20 802 тонна көлемінде көмір қоры бар. Оның ішінде негізгілері: Шұбаркөл – 2 656 тонна (тоннасына 13 800 тг); Қаражыра – 10 623 тонна (тоннасына 14 500 тг); Майкүбі – 7 523 тонна (тоннасына 12 700 тг), - деді ол.
Бағдат Байсадықоыв атап өткендей, тұрғындар көмірді қазан, қараша және желтоқсан айларында жаппай сатып ала бастайды.
Елордада жылу беру маусымы бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады, - деді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кетейік, бүгінде көмір сатуды жүзеге асыратын 8 компаниямен бағаны көтермеу туралы меморандумға қол қойылды.