Елордалық ардагерлер Конституция күніне орай флешмоб өткізді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Астанадағы «Қазақ елі» монументіне ұлттық киім киген 150-ден астам зейнеткер жиналды. Мұнда олар «Атамекен» әнін шырқап, би биледі.
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткенін еске салды.
Патриоттық акция елордалық ардагерлердің бастамасымен өткізіліп жатыр. Мұндай іс-шаралар ұлттық сананы қалыптастырады. Сондай-ақ патриоттық сезімді оятады. Егер азаматтар заң алдында тең болса, біз демократиялық және әділ Қазақстанда өмір сүреміз, - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар