00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелген

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері елордада 456 өрт тіркелген
ашық дереккөз

Жыл басынан бері қала аумағында 456 өрт фактісі тіркелді. Оның ішінде 150-і жеке тұрғын үй секторында. Өрттерден 10 адам құтқарылып, 26-сы қауіпсіз аумаққа көшірілді. Статистикаға сәйкес, өрттердің айтарлықтай бөлігі жеке сектоларда болады. Сондықтан қалалық құзырлы орган жылыту маусымы басталар алдында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Биыл бұл шаралар 15 тамызда басталды, – деді Еркін Отарғалымұлы.

Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігін тексеру үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алдымен әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың баспаналары тексеріледі. Елордада осындай санаттағы 1 240 отбасы бар. Келесі кезекте қала аумағында тіркелген 10 мыңға жуық саяжайларға қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі. Одан кейін ғана қалада орналасқан барлық тұрғын үйлерді аралап, оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.