00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 1 700-ге жуық ақылы тұрақ орындары демонтаждалды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада 1 700-ге жуық ақылы тұрақ орындары демонтаждалды
ашық дереккөз

Сарыарқа ауданында 860 ақылы тұрақ орны, Алматы ауданында – 325, Байқоңыр ауданында – 107, Есіл ауданында 388 тұрақ орны жиналды.

Айта кету керек, ақылы тұрақ орындары орналасқан учаскелер қала меншігінде. Жоба қаланың көлік стратегиясының бір бөлігі болып табылады, тұрақ орындарының тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді, автомобиль трафигін реттейді, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді және т.б. Жобаның басты мақсаты – көшелердің өткізу қабілетін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Ақылы автотұрақтар ашылғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласының орталық аудандарының жүктемесі 150 -175%-ды құрады. Жұмыс күндеріндегі реттелмейтін тұрақтардың айналымы тек 1-2 автомобильді құрады - бұл автокөлік әуесқойлары тегін тұрақ орындарын теріс пайдаланғанын, көліктерін ұзақ уақыт, кейде бір күн немесе тіпті бірнеше күн қалдырғанын, осылайша басқа қатысушылар үшін қозғалысты қиындатқанын көрсетеді. Бүгінде жағдай 3-4 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы.

Бұл ретте тұрақ орындарының 10%-ы мүгедектердің және оларды тасымалдайтын адамдардың көлік құралдарын тегін орналастыруға арналған, жеңілдікті санаттарға сәйкес келмейтін қалған барлық азаматтар үшін ақылы аймақтарда тұрақ күн сайын сағат 20:00-ден кейін, сондай-ақ, демалыс және мереке күндері тегін болады.