00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Талғат Бигелдиновтің жүз жылдығына орай көшпелі көрме өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Талғат Бигелдиновтің жүз жылдығына орай көшпелі көрме өтті
ашық дереккөз

Әскери бөлімде әскери қызметшілердің балалары мен отбасы мүшелеріне Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің қызметкерлері көшпелі көрме ұйымдастырды. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында шайқасқан қазақстандық батырлардың қатарында атақты ұшқыш Талғат Бигелдинов те бар.

Екі жыл ішінде ол ИЛ-2 шабуылдаушы ұшағымен 305 мәрте ұшқан. Оған ең жауапты деген, мәселен, плацдармдарды, жаудың бекіністерін жою секілді жауынгерлік тапсырмалар жүктелді. Қиян-кескі шайқастарда ержүрек ұшқыш жаудың жеті ұшағын атып түсірді. Ол Берлин аспанына бірінші болып барлау жүргізді. Жоғарғы қолбасшылық қазақ халқының батыр ұлына тоғыз рет алғыс жариялады.

Бұл әскери бөлімде менің ұлым Рүстем Жүсіпов қызмет етеді. Бізді бөлімнің қызмет жағдайымен таныстырды, тікұшақтарды көрсетті, қызықты әскери тарихты әңгімелеп берді. Мұндай кездесулер біз үшін, әсіресе балалар үшін маңызды. Бұл жерде олар жауынгерлік дәстүрлерге құрмет көрсетіп, соғыс батырларын еске алды. Олардың арасында жерлесіміз Талғат Бигелдинов те бар, – деді әскери қызметшінің анасы Салтанат Жүсіпова.

Шараға келгендер ұлдары мен отағаларының қызмет ететінін жерлерін көрді. Әскери және әскери-көлік авиациясы тікұшақтарының әр түрі балалардың қызығушылығын тудырды. Оларға тіпті ұрыс машиналарының штурвалында отыруға рұқсат етілді.

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жас ұшқыш – түлектерінің айтуынша, олардың тактикалық-техникалық мүмкіндіктері тәуекелге бел бууға ғана емес, даңқты жолмен осындай күрделі мамандықты таңдағандарға деген құрметті одан сайын күшейткен.