00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы жаңа медициналық орталықтың құрылысына жеке инвестиция тартылды – қала әкімі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы жаңа медициналық орталықтың құрылысына жеке инвестиция тартылды – қала әкімі
ашық дереккөз

Елорда әкімі өзінің Instagram парақшасында  медициналық орталықтың ерекшелігіне тоқталды.

Бұл орталық амбулаториялық және стационарлық көмектен бөлек, бойында түрлі аурулары бар адамдар үшін оңалту қызметтері де көрсетіледі. Осы мақсатта мұнда бассейн де салынды. Жаңа медициналық орталық тұрғындары көп Алматы ауданында (Қ.Әзірбаев және А. Бөлекпаев көшелерінің қиылысы) орналасқан. Медициналық орталықтың аумағы – 10 мың шаршы метр, әр ауысымда 500-ден астам пациентті қабылдай алады. Аталмыш медициналық орталықты биыл ашу жоспарланып отыр,- деді қала әкімі.

Айта кетейік, емхана мен емдеу-оңалту орталығын салуға және оның ішін жарақтандыруға 4,5 млрд теңге жеке инвестиция жұмсалады. Қала тұрғындарын медициналық көмекпен көбірек қамту үшін жеке медициналық орталықтарға субсидия бөлетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық орталықтардың «Үйдегі дәрігер» желісін кеңейту, медициналық мекемелерді қажет жабдықтармен толық қамтамасыз ету, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.