Нұр-Сұлтанда масаларды улау жұмысының бесінші кезеңі жүріп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда масаларды улау жұмысының бесінші кезеңі жүріп жатыр
ашық дереккөз

Қазіргі уақытта ашық стациялардағы дезинсекциялық іс-шаралар елорданың орталығынан басталып, қаланың шетіне дейін жалғасады.Қалада масаларды жою жұмыстарын Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының «Астаналық дезинфекция» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді. Шыбын-шіркейді жою жұмыстарына 150 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 150 моторлы-ранцты бүріккіш, дезинфекциялық қондырғылары бар дезинфекциялық машиналар мен мотошасси жұмылдырылды. Бесінші тур аясында жалпы ауданы 667,92 га болатын тұрақты және уақытша қалыптасқан таяз су айдындарында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қала маңындағы қорғаныс тосқауылдары елорданың шет жақтарынан масалар мен шіркейлердің жаппай ұшып кетуіне жол бермеу мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі. Жұмыстар арнайы дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, адамдар мен жануарларға қауіп төндірмейтін хлорпирифос және малатион белсенді затымен органофосфор қосылыстары (ОФҚ) класының инсектицидтік препараттарын қолдана отырып жүргізіледі.