00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада қыз балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын тексеруге арналған акция өтеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада қыз балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын тексеруге арналған акция өтеді
ашық дереккөз

Ә.Молдағұлова көшесі, 28 мекенжайындағы аурухананың акушерлік блогында сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін қыз балалар мен жасөспірімдерге әйел денсаулығын нығайту, медициналық тексеру шаралары өтеді. Қабылдауды жоғары білікті гинеколог-дәрігерлер жүргізеді. Ашық есік күні 0-ден 18 жасқа дейінгі қыздарға арналған.

Сондай-ақ 21 мамыр сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін аурухананың дерматологиялық блогында (Республика даңғылы, 50/2 мекенжайы бойынша) тері аурулары бар балаларға (ұлдар мен қыздар) немесе оларды анықтауға бағытталған медициналық тексеру жүргізіледі. Аталмыш акциялар балалар жылы аясында өткізіледі.

Толық ақпараттар мен жазылулар телефон нөмерлері 

Акушерлік блок :+7(7478025978), дермотологиялық блок: 87784600963, 39-64-59

БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін деректерді +7(702)-233-76-26 және saule_93_93@mail.ru электрондық мекенжайға жолдауды сұраймыз, Ақсәуле Бәкір.