Елордада «Майдан хаттары» атты концерт өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Майдан хаттары» атты концерт өтті
ашық дереккөз

Кеңес Одағының батырлары – Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына биыл 100 жыл.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Бейбітшілік және келісім» сарайында майдан қаһармандары – Мәншүк Мәметова мен Талғат Бигелдиновке және қалам мен қаруды қатар ұстаған әскери қаламгер Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына арналды.

Жеңіс күніне орай «Майдан хаттары» атты керемет концерт өтті. Көрермен қауым өте риза. Ерекшелігі – майдан әндерімен қатар театрландырылған қойылымдар қойылды. Елордалық театрлардың қатысуымен ерекше бір мерекелік концерт болды, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрының директоры Әділ Ахметов.

Концерт сұрапыл соғыс жылдарындағы ержүрек жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы қарапайым еңбек адамдарының тағдырын сипаттады. Ардагерлерге құрмет көрсету, тарихқа тағзым ету, бейбітшілікті сақтау сияқты құндылықтар дәріптелді.

Маған бәрі ұнады. Қойылым да, актерлердің өнері де, режиссура да көңілімнен шықты. Батырларымыздың есімі аталған әндердің шырқалғаны керемет бір әсер берді. Қазақстан майдан даласына аттанған әрбір батырының ерлігін құрметтейді, - деді қала тұрғыны Сабыр Ибраев.