Астана саябақтарын велосипед пен жаяу жүргіншілер көпірі жалғайды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Біріншіден, біз әр ауданға қажет аймақтарды анықтаймыз. Өйткені әр тұрғынды қызықтыратын және демалатын орындар болуы керек. Жауын-шашын мен күн сәулесінен қорғалған жерлер қажет болса, біз көлеңкелі экрандармен қамтамасыз етеміз. Қосымша абаттандыру қажет жерлерге ағаштар егіледі», - дейді қалалық Урбанистикалық орталығының басшысы Елнар Базыкен.
Сонымен қатар, әкімдік алдағы уақытта велосипед пен жаяу жүргіншілер көпірін салуды жоспарлап отыр. Ол Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақты байланыстырады. Осылайша қала тұрғындары жағалау бойындағы барлық демалыс орындарын аралап шығуға мүмкіндік алады.
Ұқсас жаңалықтар