Бас қалада дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас қалада дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
ашық дереккөз

Жәрмеңкеге Түркістан өңірінің 50-ге жуық тауар өндірушісі қатысады. Қазір 500 тонна өнім тиелген жүк көліктері жолға шыққан. Олар бас қала тұрғындарына ет және сүт өнімдерін, көкөніс, бақша дақылдарын, жеміс-жидек пен бал ұсынады. Барлық өнім нарықтан 15-20 пайыз арзан бағамен сатылады.

«Жәрмеңке 21-22 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы Хан Шатыр маңындағы автотұрақ аумағында өтетін болады. Оған Түркістан облысының 16 ауданынан 34 түрлі өнім жіберіліп отыр. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарымен біз өзімізді 100 пайыз қамтамасыз етеміз. Артығы республиканың өзге өңірлеріне, сонымен қатар Ресей, Беларусь елдеріне экспортталып жатыр», - дейді Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов.