Елордада «Мектепке жол» акциясы сәтті жалғасуда
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Мектепке жол» акциясы сәтті жалғасуда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107357837951377.webp)
ашық дереккөз
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Ал Алматы ауданындағы №30 мектеп-гимназиясының басшылығы кеше 60-тан астам отбасыға көмек көрсетілгенін жеткізді.
«Бұл бағдарлама шеңберінде мектеп оқушыларына жыл сайын көмек көрсетіледі. Арнайы база бар. Сол жерде тіркелген ата-аналардың тізімі бекітіледі. Бұдан бөлек, көмек қажет деп өтініш жазған кез келген азаматтың көңілін қалдырмауға тырысамыз. Балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған», - дейді аталған мектеп-гимназияның директоры Сәуле Әзімханова.
Қайырымдылық акциясы қаланың басқа аудандарында да өтіп жатыр. Қазір бір ғана Есіл ауданының өзінде 350-ден астам балаға көмек көрсету жоспарланған. Әкімдік өкілдері тізімдегі барлық отбасына құрал-жабдықтар кезең-кезеңімен үлестірілетінін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар