00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арналған орталық ашылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға арналған орталық ашылды
ашық дереккөз

“Рухани қоғам әлемі” қоғамдық қоры, Нұр-Сұлтанда қиындыққа ұшыраған жандарға шұғыл түрде көмек беретін “СЕНІМ” орталығы пилоттық жоба ретінде бір терезе тәсілі арқылы кешенді көмек көрсететін болады.

Бұл жоба мені көптен мазалап жүрген болатын, тағдырдан ауыртпалық көрген жандарға аналар мен балалардың игілігіне ұсындық. Оларға психолог, әлеуметтанушы, заңгер, гинеколог, полиция департаментінің испекторлары, еңбек нұсқаушысы секілді мамандар көмек ұсынатын болады. Мұнда тәртіп мәселесіне ерекше көңіл бөлінген, – деді Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

Орталықта кір жуу орны, терапиялық ем шара мен асхана жұмыс істейді. Енді  қиындыққа тап болғандар осы жерден пана табады.

Дағдарыс орталығына келуге тек аналар мен балалар ғана емес, сонымен қатар, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге де мүмкіндік бар. Дағдарыс орталығындағы бөлмелер кең де жарық.

Бөлмеде төрт адамнан орналасады. Мұнда жиһаздар, төсек орындар, алғашқы кезеңде қажетті киім (халат, үй аяқ киімі, жеке гигиеналық ішкі киім қажеттіліктері қойылған. Бір сөзбен айтқанда, өмір сүруге қажетті барлық жағдай жа­салған.

Бұл орталық алғашқы шұғыл көмек түрін ұсынады, елорламызда айына 50-ге жуық адам қиындыққа ұшырап жатады, демек бұндай орталықтар қажет, әрине дағдарыс орталығын, қарттар үйін, балалар үйінің, аналар үйінің болмағаны жақсы бірақ, ауруын жасырған өледі демекші, бәрі жақсы болады деген ұранмен жауып қойғанша осындай отбасындағы орын алып жатқан мәселелердің алдын алған жөн, – дейді аға инспектор.