00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысуға өтінім қабылдау басталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысуға өтінім қабылдау басталды
ашық дереккөз

Жәрмеңкелерге қатысу үшін мынадай құжаттардың көшірмелерін жіберу қажет:

1) ЖК (жеке кәсіпкерлік), ЖШС, шаруа немесе фермер қожалықтарының тіркелуін растау;

2) жәрмеңкеге қатысушылардың санитарлық кітапшалары, сатушылардың арнайы киімдері мен тоңазытқыш жабдықтарының фотосуреттері (қажет болған жағдайда);

3) өнім сапасының сертификаты және оның бағасы (бағалар нарықтық бағадан 10-15%-ға арзан болуы тиіс); өткізілетін тауарға өндірушілермен немесе ірі жеткізушілермен жасалған шарттардың көшірмелері.

Құжаттарды Ә.Мәмбетов көшесі, 24, «Аффари» БО, 8-қабат, 806-кабинетке тапсыру қажет.

Айта кетейік, жәрмеңкеге қатысушы жұмыс кестесін сақтау, өнімнің бекітілген бағасын қымбаттатуға жол бермеу, сауда орнының тазалығын қамтамасыз ету міндеттерін өз мойнына алады. Бұл нормалар екі реттен артық бұзылар болса кәсіпкер жәрмеңке аумағында сауда жүргізу құқығынан айырылады.

Айта кетейік, жәрмеңкелер Тұран даңғылы, 48 мекенжайында, «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда өтеді.

Сұрақтар бойынша 8 (7171) 55-29-51 нөміріне қоңырау шалуға болады.