Елордада нашақорлықтың алдын алуға байланысты акция өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада нашақорлықтың алдын алуға байланысты акция өтті
ашық дереккөз

Іс-шараның негізгі мақсаты-диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту, 14-29 жас аралығындағы жастар арасында нашақорлықтың алдын алу.

Акция барысында «Астана жастары» КММ еріктілері есірткі сататын сайттар туралы мәліметтерді қамтитын жазбаларды анықтау және бояу бойынша рейд жүргізді. Сондай-ақ, қала тұрғындарына 1000-нан астам есірткіге қарсы ақпараттық буклеттер таратылды.

Акцияға қатысушылар тұрғындарды есірткіні тұтынудың зияны және есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы хабардар ету бойынша сауалнама жүргізді; «Есірткісіз Ұлт» нашақорлықтың алдын алу қауымдастығындағы ремиссиядағы есірткіге тәуелді адамдармен кездесті.
Іс-шараның соңында елордалық полиция департаментінің кинологиялық орталығында студент жастарға арналған дәріс оқылды, онда қатысушыларға есірткі, жарылғыш заттардың имитаторларын анықтау бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы көрсетілді.