Елордадағы вакциянациялау пунктері ашылған СОО-лар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы вакциянациялау пунктері ашылған СОО-лар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді
ашық дереккөз

Қазіргі уақытта адам көп жиналатын орындарда қосымша егу кабинеттерін ашу үшін дайындық жүргізілуде. Жақын арада мұндай пункттер «Керуен» СОО мен «Абу-Даби Плаза» кешенінде ашылады. СОО-да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бәрі медициналық ұйымдардағыдай сақталатын болады. Халықтың көп ағынын ескере отырып, әрбір компонент үшін қосымша жеке орындар көзделетін болады. Бүгінгі күні жоғарыда аталған сауда-ойын-сауық орталықтарынан басқа «Мечта» сауда желісінен, «Солтүстік» СҮ, «Нұрбереке 555» ЖШС жаппай вакцинация жүргізу үшін егу пункттерін ашу талаптарын түсіндіру жөнінде өтініш жолдады. Халықты вакцинациялаумен барынша қамтуға қол жеткізу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.21 ж. қаулысының талаптарына сәйкес егу пункттерінің жұмысы үшін тиісті жағдай жасалған объектілердің сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.