Елордада қаланы зиянкестерге қарсы дератизациялау басталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада қаланы зиянкестерге қарсы дератизациялау басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111848447529589.webp)
Аталған шара жеке сектор және ашық аумақтарда жүргізіледі. Жеке сектордың тұрғындарына арнайы улы препараттар тегін алады.
«Көктем кезінде жәндіктер тіршіліктерін бастайды. Біз тұрғындарға негізінен тышқан мен егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын дәрілер таратып жатырмыз. Тұрғындарға сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерге, жертөлелерге мен үйдің төбесіне қою керектігі ескертілді», —деді дезинфекциялаушы Бағдангүл Мақиева.
«Дератизация 3 қайтара жүргізіледі. 25 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ 15 маусымға дейін ашық аумақтарда дератизация жүргізілетін болады. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3112 гектарды құрайды. Зиянкестер көбінесе саябақтарда, өзендердің, каналдардың, су қоймалары мен зираттарда жиналады», — деді ММ «AG Disinfection services» ЖШС директоры Айжан Оразова.
Дератизациялауға Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген бромадиолон препараты пайдаланылады. Мұндай шаралар кеміргіштердің санын азайту мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.