Алтай Көлгінов «Алтын шар 2» және «Бағыстан» тұрғын үй кешендеріне барды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтай Көлгінов «Алтын шар 2» және «Бағыстан» тұрғын үй кешендеріне барды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111854827616617.webp)
[caption id="attachment_74724" align="alignnone" width="868"] Фото: Александр Куприенко[/caption]
Мысалы, «Бағыстан» тұрғын үй кешені бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Инвесторларды тартып, сыртқы және ішкі инженерлік желілерді іске қосып, «GLB» үй құрылысы комбинатының жұмысын қайта жандандырдық. Сондай-ақ жол салынды, бағдаршамдар орнатылды және т. б. жұмыстар қолға алынды.
«№1, 3» позицияларда витраждар, терезелер орнатылды, инженерлік желілер тартылды (су, электр, жарық, кәріз). «№1» позиция бойынша жұмысшылар ішкі әрлеуге кірісті. Осы айда аталмыш позиция бойынша кілттерді беруді тапсырдым. Ал қалған позицияларды осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырдым. Ауа райы жақсарып келеді, сондықтан аумақты абаттандыруға кірісуді тапсырдым. «GLB» үй құрылысы комбинатының мәселесін шешу «Алтын шар» тұрғын үй кешенінің құрылысын қайта жандандыруға көмектесті. Алдымен «Алтын шар 2», содан кейін «Алтын шар 3» кешенін тапсырамыз. ҮҚК несие берушілер мен кәсіпорын қызметкерлері алдында шамамен 600 млн теңге қарызы болған. Мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында қарыздар өтеліп, зауыттың жұмысы қайта жанданды. Бұл шаралардың барлығы үлескерлерге көптен күткен пәтерлерін тапсыру үшін қабылданды. Сонымен қатар ҮҚК әлеуметтік тұрғын үй құрылысына да қатысып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұзақ құрылыстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бір жарым жыл ішінде ұзақ құрылыс саны екі еседен астам азайды. Осы жылы көптен күткен пәтерлердің кілтін тағы 7 мың үлескерге беруді жоспарлап отырмыз", - дейді елорда әкімі.