ElorDaуыс: Астана және Қазақстанның 18 ақпандағы өзекті жаңалықтар
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ElorDaуыс: Астана және Қазақстанның 18 ақпандағы өзекті жаңалықтар](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107000937084593.webp)
Қазақстанда халықтың тағы екі тобы Pfizer екпесін алатын болды, деп хабарлады Elorda.info.
Енді COVID-19 таратпау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдар мен 50 жастан асқан азаматтар Pfizer вакцинасын салдыратын болады. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.
Ревакцинация алған немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған Қазақстан азаматтары шетелден келгенде ПТР-тест тапсырмауына болады, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар, ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен қарым-қатынаста болғандарды үй карантиніне оқшаулау алынып тасталды. Толығырақ мына сілтемеде.
Биыл Елордада 250 аула, сквер мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда, деп хабарлады Elorda.info.
Жалпы, «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында еліміздің бас қаласында 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Толығырақ мына сілтеме бойынша оқуға болады.