Елордада эвакуациялық іс-шараларды орындау дайындығы туралы отырыс өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада эвакуациялық іс-шараларды орындау дайындығы туралы отырыс өтті
ашық дереккөз

Елорда тұрғындарын орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 2 наурыздағы қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласының эвакуациялық комиссиясы құрылды, оған мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері кірді. «Эвакуациялық комиссиясының негізгі тапсырмасы - елорда тұрғындарын эвакуациялау. Жұмыс барысында қандай объектілерде болу керек, қандай адамдарды тіркеу керек деген істерді атқару барысы жүргізіледі. Қазіргі уақытта 111 эвакуациялық объектілерді бекітіп жатырмыз. Бекіткен объектілерде жұмыс жүргізіліп жатыр. Және де олардың дайындықтары тексеріледі. Бір-екі аптаның ішінде эвакуациялық пунктердің барлығын тексеріп, қаулыға сәйкес келтіреміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров. [caption id="attachment_73470" align="alignnone" width="1280"] Фото: Сұлтан Сейітов[/caption] «Бүгін жоспарға сәйкес эвакуациялық комиссия отырысы өткізілді. Оның құрамы ҚР «Азаматтық қорғау туралы» заңына сәйкес елорда әкімінің қаулысымен айқындалды. Сол қаулыға сәйкес оның ережесі де белгіленді. Біздің негізі мақсатымыз — қандай да бір төтенше жағдай орын алып жатқанда, халықтың өміріне қауіп төнген кездерде эвакуация жұмыстарын ұйымдастыру. Бізде белгіленген аймақтарда тиісті учаскілерде эвакуациялық жинақтау пунктері бар. Сол жерге халықты қалай жеткізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тағам, дәрі-дәрмек және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі жоспарланған», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген.